“Қиналғанның көбі “Nur Otan” партиясынан көмек сұрайды”

"Nur Otan" партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат, "Большевичка" өндірістік кооперативі төрағасының орынбасары Арсен Жетпіспаев Фейсбуктегі парақшасында тікелей эфир өткізіп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
Жетпісбаев А фейсбукКандидат өзінің "Nur Otan" партиясына неге кіргені және партияның сайлауалды бағдарламасын неліктен маңызды деп санайтыны туралы айтып берді.
– Мен партияға кіруімнің себебі – партиялықтар бүгінде біздің қоғамдағы проблемалардан тыс қалмайтынын көріп отырмын. Әлеуметтік саладан бастап, заңнамалық мәселелерге дейін бәрі назарда. Мен "Праймериз" қатысушысы болдым. Адамдармен жиі араласа жүріп, жұрттың қиын жағдайларда мәселелерін шешу үшін партияға жүгінетінін және қолдау табатынын естідім. Мәселен, жыл басынан бері "Nur Otan" партиясының қалалық филиалына облыс орталығының 600-ден астам тұрғыны жүгінген, – дейді кандидат.
Сондай-ақ, Арсен Жетпіспаев елімізде бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты. Бұл тек мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ғана емес.
– Мысалы, өмірдің өзі бізге бизнес үшін идеялар береді. Пандемия кезінде ірі қалаларда онлайн жеткізу үшін ресурстар дами бастады. Өңірлерде бұл жағы игерілмеген. Оқудан өтіп, бизнесті дамытуға грант алуға болады, – деді А.Жетпіспаев. 
Жетпісбаев фейсбукКандидат жерлестерінің ел болашағына бейжай қарамайтынына және олар "Nur Otan" партиясына дауыс беретініне сенімді.
Эфирді Facebook парақшасынан (https://www.facebook.com/arsenzhetpispayev/) көре аласыз. 
 
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓