Баспаналы болу – бір бақыт
ҚР Папрламентінің депутаты Әлия Сапарова Наурызым ауданына қарасты бірнеше ауылға барды. Халық қалалулысы бұл туралы "Фейсбук" желісіндегі жеке парақшасында жазды.



Депутат бұдан соң Шолақсай ауылындағы “Шолақсай-1” ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді.
"Серіктестік жұмысшылары қазіргі күрделі жағдайға қарамастан жұмыс істеп, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға үлес қосып келеді. Елдегі саяси жағдайға да бейжай қарамайды. Сондықтан болар, 30-ға жуық адам бас қосқан кездесуіміз сұрақ-жауаптармен, ұсыныс-тілектермен біраз уақытқа созылды. Пандемияға қатысты талаптарға сәйкес, бір жерге көп адам жинай алмасақ та, көп жерге барып, партиямыздың сайлауалды бағдарламасын көп адамға жеткізуге тырыстық, – дейді депутат іссапары туралы. – Өйткені, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы қазіргі заманауи талаптарға нақты жауап деп білеміз. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз".

