Арсен Жетпісбаев: Қоғамдық көліктердің қызметін жетілдіру қажет
Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Арсен Жетпісбаев қоғамдық көлік қызметкерлерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді.
"Біздің әңгімеміз "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы өрбіді. Онда тұрақты қалалық маршрутта жүретін автобустарды жаңартуға басымдық белгіленген. Сондай-ақ, партия көптеген азаматтарға қоғамдық көлік қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін маршруттық желіні жаңғырту қажеттігін көздеп отыр. Әрине, тасымалдаушыларды не мазалайтыны туралы сұрауды ұмытқан жоқпыз", – дейді кандидат.

Оныншы нөмірлі автобустың жүргізушісі Сергей Клименко жол жүру тарифтеріне қатысты мәселе көтерді.
Бүгінде жүргізушілер жеңілдікпен жүруге құқығы бар азаматтардың бірнеше санатына қызмет көрсетеді. Үш қалалық маршрут әлеуметтік маңызды деп танылды. Олар 27, 24 және 3-інші маршруттар. Жергілікті бюджеттен аталған маршруттардың шығындары субсидияланады.
Жүргізушілер облыс орталығындағы жолдардың сапасы жылдан-жылға жақсарып келе жатқанын айтады.
"Бұл біз үшін маңызды, өйткені жолаушылар тасымалы кезіндегі қауіпсіздік – жүргізушілер үшін ең бастысы", – деп атап өтті Сергей Клименко.

Түйткілді мәселелер арасында жүргізушілер кадрлық мәселелерге назар аударады.
Бүгінгі таңда жүргізушілердің 80%-ы 50 жастан асқан адамдар. "Жол жүрісі туралы" заңда 24 жастан бастап D1 санатына жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру бойынша норма көзделген. Тек 30 жасында жүргізушілер D санатын ала алады.
"Партия бағдарламасында еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, кадрларды қайта даярлау қажеттілігі атап өтілгенін білемін. Партиялықтар бұл мәселеге назар аударады деп сенемін", – дейді "Компания STA" ЖШС директорының орынбасары Юрий Панасенко.
Үгіт-насихат кездесуі барысында келіп түскен барлық ұсыныстар мен мәселелер назарға алынды. Арсен Жетпісбаев алдағы уақытта "Nur Otan" партиясы аталған мәселелерге назар аударатынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.