Бағдарламаның негізгі тармақтарын түсіндірді

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Аслан Жұмағалиұлы Дабылов "Астықжан" СО келушілерімен кездесті.
135037896_169488661591303_8957420535388656267_n24
Кандидат алдағы сайлау туралы, сайлауалды бағдарламаның негізгі тармақтары, азаматтарға көмек көрсету үшін партия қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді.
134778081_218243439950471_1070592320152127600_n22
–Әлемдік коронавирустық пандемия біздің елдегі экономикалық жағдайға теріс әсер етті, сондықтан 2020 жылы мемлекет дағдарысқа қарсы шараларды әзірлегенін атап өтті.
Карантин шараларының енгізілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді:
-Халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 10,9 мың адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды;
– 1,2 мың аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 5,5 мың кепілдендірілген әлеуметтік пакет 6 жасқа дейінгі балаларға берілді.
– 4,9 мың адам үшін коммуналдық шығындар өтелді.

Кандидат 10 қаңтардағы сайлауда өз дауысын "Nur Otan"партиясына беруге шақырды.
Сонымен қатар, Қостанай қалалық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы осы кездесудің заңдылығын, сайлау заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ осы кездесудің санитарлық нормаларының сақталуын тексерді. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ.
"Nur Otan"  партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓