Сайлауда белсенділік танытуға шақырды

Бүгін депутат Ирина Аронова мен "Болашақ" корпоративтік қорының директоры, "Vision AD" ЖШС басшысы Динара Чайжүнісова, сондай-ақ облыстық мәслихатқа жергілікті кандидаттар Бауыржан Тибеев пен Гүлмира Қапенова БАҚ өкілдерімен және блогерлермен кездесті.
аронова нур отан
Кездесу қатысушыларына сайлауалды бағдарламасы мен негізгі мақсаттары мен міндеттерін, жеті негізгі басымдықтары мен алдағы 5 жылға арналған жоспарын түсіндірілді. Депутат пен үміткерлер кездесуге қатысушылардың барлығын ел азаматтарының игілігі үшін белгіленген мақсаттар жақын арада орындалатынына сендірді.
–"Nur Otan" партиясы баршаға ашық және сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайын. Біз өмір сүру сапасын жақсарту үшін облыс 5 жыл бойы не істейтінін анық көріп отырмыз. Әрбір даму бағдарламасының қаржыландырылуы бар және бюджеттің осы партиялық уәделерге жұмсалуы маңызды. Азаматтық ұстанымыңызды көрсетіңіз, сайлауға келіңіз, – деді Ирина Аронова.
IMG_20210105_093030
Сонымен қатар Гүлмира Амангелдіқызы карантин шараларының енгізілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге баса назар аударды.
–Елбасы бастамашылық еткен" Biz birgemiz " акциясы аясында "Nur Otan" партиясының мүшелері мен еріктілер  мыңнан астам отбасыға азық-түлік себетін жеткізді, шамамен 9,6 мың адам 50 000 теңгеден алды, – деді үміткер.
Кездесу соңында үміткерлер барлығын 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауда әрқайсысын өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге, дұрыс таңдау жасауға және "Nur Otan" партиясына өз дауысын беруге шақырды.
 
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓