Дұрыс таңдау жасаңыз!
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сырым Сайранбекұлы Семейбаев "Астықжан" сауда орталығына келушілерімен экспромт-кездесу өткізді.
⠀–Бірінші кезекте біз бизнеске кедергілерді алып тастаймыз, экономикалық тиімді және бәсекеге қабілетті жағдайлар жасаймыз. "Nur Otan" партиясының сайлауға қарамастан және барлық жерде ең шалғай бұрыштардан мегаполистерге дейін тұрақты жұмыс істейтінімен толық келісемін, – деді кандидат.
Азаматтардың қай сайлау учаскесіне жататындығын анықтау міндетті шарт. Мұны kostanayelection.kz. сайтына өту арқылы жасауға болады. Сайтта өз ЖСН-ді енгізу арқылы сайлау учаскеңізді анықтай аласыз.
Кездесу барысында кандидат 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауда әрқайсысын өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге, дұрыс таңдау жасауға және "Nur Otan" партиясына өз дауысын беруге шақырды.
Сонымен қатар Қостанай қалалық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы осы кездесудің заңдылығын, сайлау заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ осы кездесудің санитарлық нормаларының сақталуын тексерді. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ.
«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.