Партия бағдарламасының бір бағыты – медицина қызметінің сапасын арттыру
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Мәди Мейрамханұлы Нұрмұхамбетов №4 емхананың бас дәрігері М.В. Бисеновамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, аурухананың жағдайы мен сайлауға дайындығы туралы әңгімелесті.
Кандидаттың айтуынша, орта мерзімді кезеңде негізгі назар денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирус инфекциясымен күресу кезеңінде алынған тәжірибе қолданылады.
Осы мақсатта "Nur Otan" партиясы:
➢ 200 төсектік жаңа жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын аяқтау;
➢ Қостанай қаласында көпсалалы аурухана салу;
➢ Инфекциялық стационарларды өкпені жасанды желдету аппараттарымен, оттегі құрылғыларымен және концентраторлармен, дәрілік препараттармен және қажетті медициналық жабдықтармен 100% қамтамасыз ету.
➢ медициналық кадрларды әлеуметтік қолдау – Қостанай қаласында медициналық колледж студенттеріне арналған жатақхана құрылысы, жыл сайын 300 жас маманды қаланың медициналық ұйымдарына жұмысқа орналастыру, сондай-ақ, еліміздің және шетелдің жетекші ғылыми орталықтарында медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру.