Ардагер ұстаз: Ауылға тәжірибелі мұғалімдерді де тарту керек
Сайлау алдындағы үгіт-насихат жоспарына сәйкес қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Т. Дәндібаева сайлаушылармен канвассинг форматында кездесті.
Әңгіме барысында Климчук Татьяна Александровна өзінің студенттік жылдары мен мұғалім мамандығындағы алғашқы қадамдарын есіне алды. Білім беру саласында 40 жыл еңбек етіп келе жатқанын таңдана атап өтті.
Белсенді азаматтық ұстанымы бар адам ретінде Татьяна Александровна "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын үлкен ықыласпен тыңдап, басым бағыттарының өзектілігіне тоқталды. Бай тарихы мен мәдениеті бар қаланы дамытудың жастар үшін маңызды екенін айтты.
– Жастарымыз туған жерінде, өзінің қаласына қалып, кіші отанына еңбек сіңіру керек. Мен де сонау жылдары өз ауылыма, туған мектебіме мұғалім болып оралған едім, – дейді Татьяна Александровна алғашқы еңбек жолын еске ала отырып.

Ардагер ұстаз шағын жинақталған мектептердің мәселелеріне және ауылға тек жас мамандарды ғана емес, сонымен қатар, тәжірибесі мен біліктілік санаты бар мұғалімдерді де тарту жөніндегі бағдарламаны дамытуға назар аударуды сұрайды.
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.