«Жол картасы» талқыланды
«Nur Otan» партиясы үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірге әр жылға арналған нақты көрсеткіштермен партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол карталарын әзірледі және оны көпшіліктің қарауына ұсынды.
Жалпы, «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасы елдің әлеуметтік прогресі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты шаралардың тиімді жиынтығын ұсынады. «Nur Otan» шынайы істер мен айқын мақсаттардың партиясы ретінде өзінің барлық деңгейдегі сайлау алдындағы уәделерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Бұған бүгін өткен облыстық мәслихаттағы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен өткен «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы жиыны дәлел болып отыр. Өңірлік депутаттық фракциясының отырысында сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы талқыланды.
–Жол картасы – партияның ең маңызды құжаттарының бірі. Сондықтан алдағы жұмыс барысында осы құжатты басшылыққа алуымыз керек. Біз алдымызға қойылған мақсат-міндеттерді орындап, халықтың сенімін ақтауымыз қажет, – деді облыс әкімі, партияның облыстық филиалы төрағасы Архимед Бегежанұлы.
Сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша Қостанай облысының жол картасында 22 мақсатты индикаторлар бар, олардың орындалу мерзімі бірнеше жылға белгіленген, сондай-ақ жауапты орындаушылары да бар.
Әр бағыт бойынша 2021-2025 жылдарға арналған бұрын бекітілген сайлауалды бағдарламаларға сәйкес оларды жүзеге асырудың мерзімдері белгіленді.
Осы мерзімде яғни, 2021-2025 жылдар аралығында бұрын басталған 50-ге жуық инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, ол арқылы 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл халықтың әл ауқатын жақсартуға септігін тигізеді.
Осы мерзімде яғни, 2021-2025 жылдар аралығында бұрын басталған 50-ге жуық инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, ол арқылы 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл халықтың әл ауқатын жақсартуға септігін тигізеді.
Бұл ретте ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 93 ауылда сумен жабдықтау нысандарының құрылысын аяқтау, сондай-ақ 98,3 мыңға жуық 11 ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау желілерін қайта құру көзделген.
5 жыл ішінде ауыл шаруашылығының инфрақұрылымы жаңғыртылады (26 сүт фермасы, 21 астық және көкөніс қоймасы, 25 мал сою пункті). Шағын және орта бизнес санын 61,3 мыңнан 62,8 мыңға дейін немесе 2,4% ұлғайту жоспарлануда. 2,2 миллион шаршы метр баспана немесе 17 мың пәтер бой көтереді.
Сондай-ақ, инфрақұрылымды салу және жөндеу жоспарланып, олардың ішінде 25 км жылумен жабдықтау желілері, 207,6 км газбен жабдықтау құбырлары, 19,7 км су жіберу желілері (кәріз желілері).
Партияның сайлауалды міндеттемелерін орындаудың аймақтық «Жол картасы» алдағы 5 жылдағы маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Мұнда облысымыздың барлық санаттағы тұрғындарының мүдделері ескерілген.