Ауыл тұрғындарының арыз-тілегі тыңдалды
Бүгін облыс орталығынан шалғай жерде орналасқан ауыл халқының мұң-мұқтажын, өтініштерін білу үшін республикалық қоғамдық қабылдау тобы Қостанайға келді.
Қабылдаудың алғашқы күнінде 6 ауылдың тұрғындары қамтылды. Олар – Первомай, Станционный, Обаған, Қойбағар, Целинный, Новопокров ауылдары. Первомай елді мекенінің тұрғындарының көкейкесті мәселелерін «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Азамат Біржанов, партияның Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина және облыстық, партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, облыстық маслихаттың депутаты Татьяна Пфунт және аудандық маслихаттардағы фракция мүшелері мен облыстық басқарма басшылары тыңдады.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «АМАNAT» партиясын жаңғырту туралы тапсырмасына сәйкес, шалғайдағы елді мекендердегі халықтың өтініштерін тыңдау мақсатында осы жылдың 17 наурызынан бастап мобильді қоғамдық қабылдау басталған еді. Президент халықпен кері байланысты жақсартып, алыс-жақын ауыл тұрғындарының өтініштеріне құлақ асу керек екенін атап өткен еді.
Республикалық көшпелі қабылдау қызметінің өкілі Азамат Дулатұлы мобильді қабылдаулардың нәтижиелі екенін атап өтті.

"Бүгінде бірнеше өңірдің 5 мыңға жуық тұрғынының өтініші тыңдалған. Оның 24%-ы оң шешімін тапты. Негізінен заңнамалық тұрғыда түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Первомай ауылындағы мәселелер де өте өзекті. Мысалы жол мәселесі жақын арада .шешіледі деген үміттеміз . Сала мамандары солай деп уеде беріп отыр . Біз әрине қадағалайтын боламыз. Тағы бір мәселе ауылдық клубты қайта жөндеу. Бұл әрине ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында жүзеге асыруға тырысамыз. Барлық сұрақтар назардан тыс қалмайды . Шешу жолдары мүмкіндігінше қаралатын болады", – дейді ол.
Первомай ауылының тұрғыны Алмаз Өмірбаев қабылдауға келіп, жерлестерінің атынан сапалы ауыз сумен жабдықтау мәселесін көтерді.
"Өткен жылы Федоров ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын көрдік. Жаңа су құбырлары салынды, шағын ауылдарда су тарату пунктері орнатылды. Біздің ауылда ешқашан орталықтандырылған су құрылғысы болған жоқ. Біз әлі де құдық суын ішеміз. Мені, Первомай ауылының барлық тұрғындары сияқты, "біздің ауылдағы әрбір үйге су қашан келеді?" деген сұрақ мазалайды", – деді тұрғын
А.Өмірбаев партияның қолдауымен бұл мәселе шешіледі деп сендірді. Мобильді қоғамдық қабылдау тобының мүшесі , Федоров ауданының әкімі Тәуба Исабаев партияның сайлауалды бағдарламасын орындау аясында Первомай ауылында су құбыры құрылысы биыл басталатынын хабарлады.
Қоғамдық қабылдауға келген тағы бір тұрғын Лариса Карловская сол ауылдың фелдьшерлік-акушерлік пунктінің меңгерушісі болып жүмыс істейді. Ол медицина саласының маманы ретінде ауылға арнайы ғимарат салу қажет екенін айтты. Бұл мәселе де ескерілетін болды.
Облыстық мәслихат депутаты Татьяна Пфунт көшпелі қабылдауларды өткізу Президенттің тікелей тапсырмасы екенін айтты.
"Бүгін менің ауылымның халқы республикалық деңгейдегі комиссияға өз мәселелерін, өтініштерін жеткізу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштымын. Бұған дейін де шалғай елді мекендерді аралап, қабылдау өткізіп жүрміз. Көшпелі қабылдаудың маңыздылығы – ауыл тұрғындарын қала орталығына сабылтпай, өзіміз барып кездесеміз. Бүгінгі айтылаған өтініштердің ешқайсысы партияның назарынан тыс қалмайды. Барлығы бақылауға алынады", – деді ол.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын қабылдау кезінде партияға арыз емес, алғыс айта келгендер де болды. Елена Черноус есімді азаматша өзінің қызы Ирина Гордиенконың лебізін жеткізді. Оның айтуынша, қызының үйі отқа оранып, балалары мен жұбайы зардап шеккен.
"Мен қызымның және жеке өзімнің атымнан аудан әкімі Тәуба Исабаевқа және "AMANAT" партиясының аудандық филиалы төрағасына алғыс айтқым келеді. Олар қызыма қысқа мерзімде пәтер сатып алып беруге көмектесіп, "Олжа – Алтын Инвест" ЖШС басшылығын ізгі іске көрндіре білді. Қазір балаларымен сол үйде тұрып жатыр. Көп рахмет. Партияның халыққа жақындай түсіп, осындай қабылдаулар өткізіп жатқаны құптарлық жағдай", – деді Е.Черноус.
Первомай ауылында ұзын саны 26 тұрғынның өтініші тыңдалды . Айта кетерлігі, бұл бір реттік акция емес. Тұрақты өткізіліп тұратын болады. Бүгінгі таңда мобильдік қоғамдық қабылдаулар Әулиекөл, Алтынсарин, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қостанай, Меңдіқара, Федоров, Майлин, Науырзым, Сарыкөл, Аманкелді, Жанкелдин, Б.Майлин аудандарының 19 ауылына барды. Азаматтардан 303 өтініші қабылданып, олардың 38-і оң шешімін тапқан. 179 өтінішке түсініктеме берілді, 86-сы қаралу үстінде.