Марат Жантөрин: Бізді ортақ мақсат біріктіреді

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Марат Ғалиханұлы Жантөрин "Есіктен есікке" акциясы аясында үгіт-насихат кездесуін өткізді.
Жантөрин– Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Ол үшін партиядағы жүйелі жұмыстарымызды қайта жаңғыртып жатырмыз, – дейді кандидат. Ол тұрғындарға қала дамуына қатысты бағдарламаның негізгі басымдықтарын таныстырды:
1. Экономикалық тұрақты қала.
2. Жайлы қала.
3. Әлеуметтік бағдарланған қала.
4. Жастарға арналған қала.
5. Тарих пен мәдениетті дамыту.
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
7. Қауіпсіз қала.
Жантөрин2Сайлауға 6 күн қалды. Сіз қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңізді біліңіз. Ол үшін kostanayelection.kz сайтына кіріп, ЖСН енгізу қажет, сөйтіп сайлау учаскеңізді анықтайсыз. Азаматтық белсенділігіңізді көрсетіп, сайлауға барыңыз!
 
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓