“Ақылды” музей ашылды
Қостанай ауданындағы Мичурин ауылы мектебінде «Туған өлкем» мұражайы ашылды. Салтанатты рәсімді ата-аналар мен оқушылар әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көріп отырды.
– «Туған өлкем» мектеп мұражайының материалдары мұғалімдер үшін тәрбие сағаттары, тарихи кештерді жүргізу, сабақ үрдісінде пайдалануда таптырмас құрал екені сөзсіз. Мұражайдың негізгі міндеттерінің бірі – жастарға патриоттық тәрбие беру, – деп атап өтті Мичурин орта мектебінің директоры Айнаш Даданова.

Музей заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Келушілер сымсыз интернетке қосылған нетбуктарды пайдаланып, Қазақстанның және әлемнің мұражайларына арнайы QR-код арқылы виртуалды саяхат жасай алады.
Рухани орында елдің танымал тұлғаларына қатысты мәліметтер, ауыл адамдарының өміріне, өлкенің тарихына байланысты материалдар да жинақталған.