COVID-19: +59
2 қаңтарда Қостанай облысында 59 адамнан коронавирус табылды.Індетке Қостанай қ. 26 адам, Рудный қ. – 16, Лисаков қ. – 5, Алтынсарин, Әулиекөл аудандарында 3 адамнан, Денисов, Қарасу аудандарнда 2 адамнан және Қостанай және Қамысты аудандарында 1 адамнан жұқтырған.
44 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 6 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында, 6 адам Мысырдан келген кезде профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 50 адамда ауру белгілері болды, 9 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуірден бастап 2021 жылғы 2 қаңтар аралығында COVID-19-ды 7682 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 7263.