ЖРВИ-ге шалдыққан балаға қалай көмектесу керек?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жедел респираторлық вирустық инфекцияға (ЖРВИ) шалдыққан баланы қалай емдеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ЖРВИ де, тұмау да корнавируске ұласып, өкпені жеңіл, орташа және ауыр деңгейде қабындыруы мүмкін.
"Жеңіл түрі болса, стационарға барудың қажеті жоқ, инфекция жұқтырып алу қаупі жоғары. Жұмыс және демалыс күндері емханаларда фильтр-кабинеттер жұмыс істейді. Сол жерге баланы апарып, дәрігерге қаралып, аурудың деңгейін анықтап, қандай медициналық көмек қажет екенін білуге болады", – делінеді ведомство хабарламасында.
Науқастың жеңіл түрінде баланың дене қызуы парацетамол қабылдағаннан кейін тез түседі, өз-өзін сезінуінде қиындықтар болмайды. Тіпті жөтеліп, мұрны бітелсе де бала тамақ, су ішіп, ұйықтайды, яғни ауру симптомы оны бәлендей мазаламайды. Ал орташа деңгейінде қызуы көтеріліп, баланың мазасы қашып, тәбеті жоғалады. Ондай балалар жағдайы оңалмаса, жіті қадағалап, дәрігер шақырту керек. 
"Ал егер баланың дене қызуы түспей қойса, ас-су ішпей, деміге берсе, әлсіреп, өңі бозарып, тоқтаусыз жыласа шұғыл түрде жедел жәрдем шақырту керек", – деп ескертеді мамандар. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓