Светлана Ким: Сұрақтарыңызды батыл қойыңыздар

КИМ"Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат науқаны қызу жүріп жатыр.
Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Светлана Викторовна Ким "Есіктен есікке" акциясына қатысты.
– Менің ойымша, бұл – әлеуетті сайлаушылармен бетпе-бет кездесіп, олардың барлық мәселелері мен толғандырған сауалдарын білудің тамаша мүмкіндігі. Әрине, партия бағдарламасын, өзгерткіміз келетін нәрселер туралы сөзімді тыңдаған адамдардың көпшілігі сыпайы алғыс білдіріп, буклеттер алып, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Сәтті оңтайлы пайдаланып, көкейдегі сұрақтарын қойып, мәселелерге қатысты пікір бөліскендер де болды. Мысалы, кейбіреулер жалдамалы тұрғын үй бағдарламасының ерекшеліктеріне қызығушылық танытты, біреу балалар мектепке қашан барады деп сұрады,  біреу азық-түлік бағасына көңілі толмайтынын жеткізді, – деді кандидат.
КИМ1Барлық ұсыныс мұқият тыңдалып, сұрақтарға мүмкіндігінше дәл және дұрыс жауап берілді.
Достар, ертең сіздер депутаттыққа кандидаттармен кездесіп қалсаңыздар, аспай-саспай оларға сұрақтарыңызды батыл қойыңыздар, өйткені "Nur Otan" партиясы – бұл мәселелерді шеше алатын партия!
 
«Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓