Ақ халаттылардың құшағы гүлге толған күн ! 

Бүгін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында AMANAT  партиясы Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина бірқатар мамандарды құттықтады. Құрметті медицина саласының қызметкерлері, ақ халатты абзал жандар,  сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Медицина кәсібі қай кезде болмасын қажет әрі құрметке ие. Себебі, денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Сіздерге  зор денсаулық, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларыңызға  бақыт-береке тілеймін -, деді Бибүгіл Бүркітқызы. 
  Мереке қарсаңында құрметке бөленген денсаулық сақтау саласының ардагері , 40 жыл ғұмырын медицинаға  арнаған Есімжан Сәбитұлы әріптестерін құттықтап, алғысын білдірді.  
    Айта кету керек , партияның облыстық филиалында білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңес  жұмыс істейді. Кеңес мүшелері әр отырыста  сала көлемінде орын алып отырған мәселелер  жайында сөз қозғап, шешу жолдарын қарастырады. Мәлесен , «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»  сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының іске асырылуына  үнемі мониторинг  жұмыстары жүргізіліп тұрады. Яғни, медицина саласындағы барлық өзгерістер мен мәселелер  партияның жіті  бақылауында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓