Әкім көлігі суға батып кетті
Әлеуметтік желіде Аманкелді ауданы Байғабыл ауылдық округінің әкімі Асхат Зейнолдиннің көлігімен бірге суға батып кетіп, қаза тапқаны туралы ақпарат тараған еді. Аталған мәлімет жалған болып шықты.
Оқиға болмастан бір күн бұрын "өзен жағасында жүруге болмайды" деген арнайы белгілер қойылған. Келесі күні су жағасында адамдардың жүргені туралы хабар түскен. Соны тексеру және ескерту жасауға мақсатында ауыл әкімі өзенге жүргізушісін жұмсаған. Көлік өзеннің мұз қатқан жақын тоқтағандықтан, төмен сырғып барып, суға түсіп кеткен, – дейді Аманкелді аудан әкімдігінің аппараты.
Бұл дерек туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мамандары да мәлімет берді.
"4 желтоқсанда сағат 9.00-де Байғабыл өзеніне Nexsia Ravon маркалы көліктің батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар "Уаз" көлігімен дереу жолға шығып, оқиға орнына сағат 12:15-те жетті. Сағат 13.00-де құтқарушылар сүңгуір киімін киіп, көлікті өзен астынан іздеуге кірісті. 17:20 шамасында батқан көліктің алдыңғы дөңгелегіне темір арқан жалғанып, "Беларус" тракторы көмегімен жағаға сүйреп шығарылды. Көлік суға батып бара жатқанда жүргізушісі сыртқа шығып үлгеріп, аман қалған", – делінеді хабарламада.