Минскіге қашпақ болған

Көлік полицейлері жалған құжат қолданғаны үшін  Қостанай әуежайында кәмелет жасқа толмаған қызды ұстады.  
Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, қызды ұстағаны туралы хабар Шекара қызметінің қызметкерлерінен түскен.
«Төлқұжатты тексеру кезінде 2000 жылы туған ҚР азаматшасы 1996 жылы туған ҚР азаматшасының биыл ҚР Әділет министрлігінен берілген төлқұжатын көрсеткені үшін ұсталды. Кейін Қостанай ст. ІІЖБ қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін қызды полиция бөліміне жеткізді», – деп хабарлады көліктегі ІІД.
Тексеру кезінде кәмелетке толмаған қыз Қостанай ХҚКО-да 1996 жылы туған азаматшаның жеке куәлігін ұсынып, оның атына, алайда өзінің суретімен төлқұжат алған.
Ол ата-анасын ескертпей, Минскіге, кейін Одессаға кетпек болғаны анықталды.
Көліктегі полицейлер кәмелет жасқа толмағанның ата-анасын ҚР ӘҚБтК 442 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қазір ҚР ҚК 140 және 385 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 
Қазақпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓