Аitu.city – жаңа онлайн-сервис

Қостанай қаласының абаттандыру және қауіпсіздік мәселелеріне жедел ден қою, өтініштерді қабылдау үшін Аitu.city онлайн платформасы іске қосылды. Бастаманы BTS Digital компаниясы облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бастамасымен бірлесіп қолға алды. Қызметтің міндеті – қалалық мәселелерге көбірек назар аудару және оларды шешуде тиімді ықпал ету.aea9b060-184b-463d-9258-e0814d496c86«Азаматтарға ыңғайлы болу үшін біз Аitu.Сity онлайн платформасын іске қосу мәселесін пысықтадық. Сity.Сервис қаланы жақсартуға байланысты өтініштер немесе ұсыныстар беруге ыңғайлы. Нәтижесінде қаланың өмірін жақсарта алатын идеялар пулы қалыптастырылатын болады», – деп түсіндірді Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев.
Ашық люк, жеткіліксіз жарықтандыру, ауладағы қоқыс, осы және басқа да мәселелер бойынша енді Аitu.Сity сервисі арқылы әкімдікке тікелей онлайн өтініш беруге болады. Өтінімді жіберу ғана емес, сонымен қатар, басқа өтініштерді қарау және түсініктеме беру, сондай-ақ, оларды әлеуметтік желілерде бөлісу мүмкіндігі бар. Ресурс қазақ және орыс тілдерінде. Оған https://aitu.city/kostanay сілтемесі арқылы кіре аласыз. Play Market немесе AppStore-дан aitu мобильді қосымшасы арқылы жүктеуге де болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓