Күн тәртібінде – жаһан қауіпсіздігі

23-24 мамырда Президент көмекшісі, Қазақстан Республикасының қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін белді өкілдердің ҮІІ халықаралық кездесуіне қатысты. ермекбаев
Бұл шара Ресей қауіпсіздік кеңесінің басшылығымен Шешен Республикасының астанасы – Грозный қаласында сексенге жуық мемелекет пен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өтеді.
Кездесудің күн тәртібіне лаңкестік және діни экстремизмге, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік жөнінде халықаралық және ұлттық деңгейде қабылданатын шаралар бойынша халықаралық әріптестікті дамыту мәселелері енгізілді.
Қазақстандық делегация мінбер төрінде 2015 жылдың қыркүйегінде елбасының БҰҰ Саммитінде зорлықты түрдегі экстремизмге қарсы іс-қимыл турасында қозғаған бастамасына екпін салды. Оның халықаралық деңгейде еленіп-екшелуінің маңыздылығы айтылды. Радикалды басшылар туралы артық ауыз насихаттауға жол бермей отырып, БАҚ арқылы ойластырылған түрде терроризм мен экстремизм тақырыптарын жариялаудың қажеттігі аталып өтті.
Іссапар барысында Н.Ермекбаев Шешен Республикасы басшысының міндетін атқарушы Рамазан Қадыровпен, РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен келіссөздер жүргізді.
Сондай-ақ, шараға қатысқан мемлекеттер делегаты жетекшілерімен бірнеше қызметтік жүздесулер болды. Әсіресе, Саяси бюро мүшесі, КХР Компартиясының саяси-заңгерлік комиссиясы ОК-нің хатшысы Мэн Цзяньчжумен, Ауғанстан Исламдық Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі, АИР-ның ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің  басшысы Мохаммад Ханиф Атмар және өзге де белді тұлғалармен екі тарапты жүзесулер жүзеге асты. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓