Имамдар ауысты

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен жаңа тағайындаулар болды. Атап айтсақ, Рудный қаласының бас имамы қызметіне Азамат Мырзаханов тағайындалды. Ол – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеттінің түлегі. Алтынсарин және Қостанай аудандарында бас имам қызметін атқарған. Осы тағайындауға дейін Қостанай облысының найб имамы болып жұмыс істеген. news130120170202
Ал Рудный қаласы «Нұр» мешітінің бас имамы қызметін атқарған Сеит Темірбекұлы Қостанай облысының найб имамы лауазымына тағайындалды.Бұл жасалып жатқан жұмыстар ҚМДБ-ның бекіткен Ережесіне сәйкес орындалуда. news130120170204Өз кезегінде Рудный қаласының жамағаты Сеит Темірбекұлына рахметін білдірді. Ақсақалдар шапан жауып, жаңа қызметіне табыс тілеп ақ батасын берді. news130120170207
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓