Дін мамандары жастармен кездесті

Арқалық қалалық Мухтасиб Әлмұхаммед мешітінің қызметкерлері уағыз-насихат жұмыстарына белсене кірісті.
Мәселен, оқу жылы басталған аз ғана уақыт ішінде шаһардағы жоғары оқу орнынан бастап, колледж  және мектептерде  кездесулер өткізіп үлгерді.инст. (5)Жалпы, бүгінгі имамдар жан-жақты болуға тиіс. Олар тек дін саласының мамандары ғана емес, өздерінің үлгілі қасиеттерімен барша қауымға өнеге көрсетулері қажет.
Арқалықтың дін қызметкерлері мектеп оқушыларының тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Өйткені, олар тәуелсіз еліміздің жарқын келешегі. Олармен ұйымдастырылған жүздесулерді маңызды мәселелер қозғалады. инст. (4)Сондай кездесулердің бірі жуырда ғана  Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында өткізілді. Оған қалаға қарасты барлық мектептердің тәрбие жөніндегі мамандары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Тағылымға толы басқосуды қалалық ардагерлер кеңесі, қалалық мешіт және ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған-ды.
Онда әңгімеге «Имандылық – тәрбие негізі», «Ата-анаға құрмет –ұрпаққа міндет», «Жат ағымнан сақтан!» секілді өзекті тақырыптар арқау болды.Мектеп-гимназияда (1)Аталмыш мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы өмірге, білімге, өнерге құштар жастардың алдында имандылық, адамгершілік хақында сөз қозғады. Сондай-ақ, жақсылық пен жамандықтың, тәртіп пен келеңсіздіктің арасын ажырата білу жөнінде тілге тиек етті.
Сонымен қатар, қоғамға жат, түрлі діни ағымдардан аулақ болу жөніндегі тұжырымдарымен де жиналғандарға ой салды.
Жиын барысында оқушылардың қойған сауалдарына мешіттің бас имамы мен теолог маман Әсет Бауыржанұлы  нақты жауап берді.колледж (2)Кездесу соңында қалалық білім бөлімінің басшылары мен әдіскер мамандар дін қайраткерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓