Ауданда ауқымды істер атқарылды
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында Меңдіқара ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы онлайн форматта брифинг өтті. Оған Мендіқара ауданының әкімі Нұрлан Қатарбеков пен Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ басшысы Вера Гребенюк қатысты.
Аудан әкімінің айтуынша, биыл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары. Жалпы өңірлік өнімі 48,6 млрд теңгені (2019 жылы – 35,9 млрд. теңге) немесе өткен жылдың деңгейінен 135,4% құрап отыр.
– Ауыл шаруашылығы саласының НКИ 106,6% – ды құрады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 235,3 мың га алқаптан астық жинады, 281,2 мың тонна бастырған кезде орташа өнімділік 12,0ц құрады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы тауар өндірушілерді қолдау үшін "Агрофинанс" АҚ-на көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 1,3 млрд теңге сомасында несие қаражаты бөлінді. 2,09 млрд теңгеге субсидия алынды. Жыл басынан бері ет өндіру көлемі 4,6% – ға, жұмыртқа өндіру 2,1% – ға ұлғайды. Тұрғын үй құрылысы саласына тоқталсақ, жыл басынан бері 3,3 мың ш.м. қолданысқа берілді. Соңғы 10 жылда алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарын және бюджет саласының қызметкерлеріне 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде 17 жобаны іске асыруға биыл 2,4 млрд теңге бөлініп, 644 жұмыс орны құрылды. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін жалпы сомасы 274 млн теңгеге 4 УАЗ автомашинасы, JAC реанимобильі және медициналық жабдық сатып алынды, – деді аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру барысында аудан аумағында жалпы сомасы 22 млн теңгеге 10 ірі әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.
– "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы жобалар мен іс-шаралар тізіміне сәйкес биыл 6 жоба жоспарланған. Олардың барлығы сәтті жүзеге асырылды. "Юбилейный" мәдениет үйінде "Алтын Орданың 750 жылдығына және Меңдіқара ауданының 90 жылдығына арналған термешілер арасында "Меңдіқара-мекені ұлылардың…" атты онлайн-сайыс өтті. Оған 12 термеші қатысты. "100 жаңа есім" жобасы аясында ауданда арбамен бал билерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Малика Мұхтаровамен және "Рахмет, саған Туған ел!" жобасы бойынша онлайн форматта қазақ киносының актері Төлепберген Байсақаловпен кездесу өтті, – Нұрлан Жеңісұлы.