Әр салада өсім бар
Бүгін аймақ басшысы А.Мұхамбетов әкімдік отырысын өткізіп, оның барысында осы жылдың 9 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.9 айдың қорытындысы бойынша, облыста өнеркәсіп өндірісінің 8,6%–ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің 14,1%–ға, ауыл шаруашылығының 3,1%–ға, негізгі капиталға инвестициялардың 10,2%-ға, құрылыс жұмыстарының 8,5%-ға, тұрғын үйді пайдалануға берудің 18,1%-ға өсуі байқалады.
Жалпы алғанда, жыл басынан бері облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындары табысы 1,7 трлн теңгені құрады. Есепті кезеңде облыс экономикасына 272,3 млрд.теңге инвестиция тартылған.
Жиын барысында Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында 2021 жылы көшет отырғызу нәтижелерін және 2022 жылға арналған облыста ормандарды молықтыру мен орман өсіру бойынша жоспарланған жұмыстар қаралды.
Ел президенті алдағы 5 жылда орман қорында 2 млрд түп ағаш және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызуды тапсырды, ал Қостанай облысы үшін 2021-2025 жылдарға 28 793,8 га.алаңда 160,69 млн.ағаш отырғызу көлемін жеткізді.
Біздің өңір үшін 2021 жылға бекітілген жоспар толық көлемде орындалды. Осы жылы өңірлік көгалдандыру және жасыл аймақтар құру жоспары аясында облыстың елді мекендерінде 38 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
2022 жылы отырғызу көлемін орындау үшін орман шаруашылығы мекемелері 4277,9 га алқапта топырақ дайындау жұмыстарын жүргізуде.
Отырыс қорытындысында аймақ басшысы қала мен аудан әкімдеріне жаңа инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуді, сондай-ақ «Таза табиғат» жобасы аясында жоспарланған ағаш отырғызу көлемінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.