COVID-19: +65
21 желтоқсанда Қостанай облысында 65 адамнан коронавирус табылды. Індетке Қостнай қ. – 32 адам, Қарабалық ауданында – 11, Рудный қ. – 10, Меңдіқара ауданында – 6, Жітіқара қ. – 5, Қостанай ауданында -1 адам шалдықты.
53 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 8 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде, 3 адам стационарға жатқызар алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында, 1 адам «Обаған» автобекеті арқылы мемлекеттік шекарадан өткен кезде профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 50 адамда ауру белгілері болды, 15 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 21 желтоқсан аралығында COVID-19-ды 6941 адам жұқтырып, 6796 адам емделіп шыққан.