Оңтүстік өңірлерді араламақ
Бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарымен «Nur Otan» партиясы жақтастары лигасының мүшесі, саясаттанушы Бауыржан Серікбаев келді. Бірнеше күн бойы ол Торғай өңірінде праймериз аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныспақ.
Сапар облыстық филиалда праймериз қатысушыларымен және партия белсенділерімен кездесуден басталды. Іс-шара барысында жиынға қатысушылар партия жақтастары өкіліне ішкі іріктеуге не себепті қатысатынын және праймеризден не күтетіндерін айтып берді.
«Еуразиялық банк» АҚ ҚФ басшысы, Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығының өкілі Қырмызы Жаңбыршинаның айтуынша, ол БАҚ-нан праймериздің өтетіндігі туралы хабарды естіп, бірден қатысуға бел буған.
–Праймериз – елімізде өтіп жатқан ауқымды әрі маңызды саяси іс-шара. Оны біздің «Nur Otan» партиясы өткізіп жатқанына өз басым өте қуаныштымын. Көп уақыттан бері партия мүшесі бола тұра, шетте қалғым келмеді. Менде қатысамын деп шештім. Себебі, бұл әрбіріміз үшін өте үлкен мүмкіндік. Оның үстіне барлығына бірдей мүмкіндік беріледі. Сөзімізді құр бос далаға шашқанша – барлығын іспен шешетін уақыт келгеніне сенімдімін. Ауылдық жерде өскен жан болғандықтан, праймеризде шалғай ауылдарда тұратын халық мәселесін көтергім келеді. Оларға қолдау көрсетіп, көмектескім келеді. Қазіргі таңда түйіні тарқатылмаған мәселе жетерлік, праймериздің арқасында оларды шешуге септігім тиеді деп сенемін, – деді Қырмызы Жаңбыршина.
Өз кезегінде Бауыржан Серікбаев басқа да қатысушыларды тыңдап, жиын қатысушыларына жалпы Лиганың жұмысы турасында айтып берді.
–Лига қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, елді дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлейді. Біз үшін аймақтардағы өзекті мәселелерді шешуде әртүрлі көзқарастар мен ойлар өте маңызды. Бүгін жұмыс барысымен танысып, праймериздің қалай өтіп жатқанын көрудеміз. Онымен қоса, бірнеше ауданды аралап, туындаған мәселелерді қарастырамыз. Әрбір ұсыныс партияға қарастыру үшін жеткізіледі. Лига өкілдері ішкі партиялық іріктеуді өткізудің ашықтығы мен тұтастығын сырттай тәуелсіз бақылау процесін ұйымдастырады. Айқындық пен бәсекелестік – бұл «Nur Otan» партиясының басты қағидаттары. Біз үшін шынайы бәсекелестік жағдайында нағыз мықтыларды анықтау маңызды, – деді Бауыржан Серікбаев.
Партияның облыстық филиалындағы кездесуден кейін Бауыржан Серікбаев Қостанай облысының Әулиекөл ауданына ат басын бұрды. Онда ол аудандық филиалға соғып, праймериздің қатысушыларымен және партия белсенділерімен кездесті.