Бойға – жылу, көңілге – қуаныш

Лисаков қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Жақсылық жаса" акциясын өткізді. Іс-шара аясында көп балалаы отбасылар және Лисаков, Октябрь және Красногорский елді мекендерінің атаулы әлеуметтік көмек алушы тұрғындары қамтылды. Олардың балаларына Қостанай фабрикасында өндірілетін пималар, костьюмшелер, ересектерге жұмыс киімдері және халаттар үлестірілді. Жалпы, мұқтаж азаматтарға 15 түрлі өнімнің 204 данасы берілді.article2935
Бұл акцияның бастамашысы Кәсіпкерлік және әлеуметтік бастамалардың Лисаков қоғамдық қоры екенін айта кету керек. Биыл бұл іс-шара екінші рет өткізіліп отыр. Жыл басында, ақпанда қор Қостанай фабрикасынан 16  түрлі өнім түрін сатып алуға 515 мың теңге бөлген еді.
"Акцияның алғашқы минуттарында көп балалы жас аналардың бірі өзінің төрт ұлына пима таңдап алған-ды. Ізінше Октябрь орта мектебінің әлеуметтік педагогы көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін жеті жұп пима алып кеткен. Осылайша, жеткіншектердің аяқтарын жылытып, көңлдерін қуанта алдық", – дейді Лисаков қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Нұржамал Жортымбаева.
Оның айтуынша, қайырымдылық акциясын жиірек өткізу жоспарда бар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓