Той үстінде, тәтті күнде…

Рудный қаласында мониторинг тобы карантин режиміне қарамастан өтіп жатқан үйлену тойының үстінен түсті. Шектеу шараларына шекеден қараған тойхана иесіне айыппұл салды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.1031016160
Полицейлер Рудный қаласындағы «Керуен» тойханасына барып, үйлену тойын тоқтатты. Мейрамхана әкімшілігі аймақта енгізілген карантин шараларына қарамастан қонақтарды қабылдаған. Тойға 30-дан астам адам жиналған. Енді тойхана иесі мен мереке иелеріне ҚР ӘҚБтК 425-бабында көзделген айыппұл салынады. Полиция жинаған материалдарды ары қарай шешім қабылдау үшін Рудный қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырды.
Рудный қаласының полиция басқармасы карантинді бұзғаны үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 230 АЕК дейін, орта кәсіпкерлікке — 310, ірі кәсіпкерлікке — 1600 АЕК дейін айыппұл салынатынын еске салады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓