Сайлауалды бағдарлама таныстырылды

Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Манат Карбозов "Nur Otan" партиясы аудандық сайлауалды штабының мүшелерімен Шеген ауылында үгіт-насихат жүргізді.
IMG-20201217-WA0053
"Nur  Otan" партиясы барлық аудандардың, яғни бұны нақтылай кетсек, өңірдің алдағы бес жылдағы әлуеметтік-экономикалық дамуының сайлауалды бағдарламасын кездесу барысында кандидат кеңінен түсіндіріп берді, сонымен бірге партияның жетістіктеріне арнайы тоқталып өтті.
Кездесудегі әңгіме барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер, "СЫМА-К" шаруа қожалығының басшысы  Манат Кәкімжанұлы жиналғандарды 2021 жылдың 10-шы қаңтарында азаматтық белсенділікпен өздері сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлау учаскілеріне келіп, дұрыс таңдау жасап  партияға дауыс беруге шақырды.

 «Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓