Ауру 65 адамнан табылды

20 желтоқсанда Қостанай облысында 65 адамнан коронавирус табылды. коронавирусСырқатқа Қостанай қ. – 30 адам, Рудный қ. – 14, Денисов ауданында – 6, Қарабалық ауданында – 5, Жітіқара қ. – 3, Сарыкөл және Қостанай аудандарында – 2 адамнан және Қарасу, Федоров аудандарында және Арқалық қ. 1 адамнан шалдықты.
56 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 9 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген..
Індет жұқтырғандардың ішінде 53 адамда ауру белгілері болды, 12 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 20 желтоқсан аралығында COVID-19-ды  6876 адам жұқтырып, 6679 науқас емделіп шыққан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓