Аудандық мешітте – ауқымды асхана
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне орай Амангелді ауданындағы «Сатыбалды ишан» мешітінің жанынан асхана ашылды.
Рәсімге пандемия талаптарын сақтай отырып, аудан әкімі Әмірхан Асанов, Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет және елге сыйлы қонақтар қатысты. Жиында ауданның басшысы асхананың ашылуына атсалысқан барша жерлестеріне, мекеме-ұйым жетекшілеріне алғыс білдірді. Рәсім барысында аймақтың бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет және ауданның ардақты ақсақалы Балға Нұрғожин жамағатты құттықтап, атымтай азаматтарға рахметтерін айтты. Мешіт асханасының салтанатты кермежібін облыстың бас имам және Сатыбалды ишанның ұрпағы Әскербек Мурзин қиды.