Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру жүргізілуде

Облыстық баспасөз клубында Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары А.Жүсіпова мен Ұлттық банктің Қостанай облысы бойынша филиалының мамандары баспасөз мәслихатын өткізді. Басқосуда банк өкілдері облыстағы ипотекалық тұрғын үй және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру туралы мәлімдеді.IMG_2375 копия
Мамандардың айтуынша, облысымызда ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы жүйелі түрде іске асуда. Бүгінге дейін Қостанай облысы бойынша ипотекалық ққарыз алушылардан барлығы 714 өтініш келіп түскен. Оның 484-і бойынша оң шешім қабылданып, 1,5 млрд. теңгеге 432-сі қайта қаржыландырылған. Сондай-ақ, осы мәселеге қатысты шағымдарды қарайтын арнайы комиссия да жасақталған.
-2015 жылдың 31 шілдесінен бастап 2016 жылдың 26 мамырына дейінгі кезеңде комиссия банктерден қайта қаржыландырудан бас тарту алған азаматтардан түскен 90 өтінішті қарады. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша екінші деңгейлі банктерге 41 өтінішті қайта қарау ұсынылды. Соның ішінде, банктермен 22 қарыз алушы бойынша ғана қайта қаржыландыру туралы шешім қабылданды. 13 қарыз алушы бойынша банктер қайта бас тартты, қалған 6 өтініш қайта қаралып жатыр, – дейді облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Алма Жүсіпова.
Жалпы, Ұлттық банктен несиеге баспана алушылардың мәселесін шешу үшін 130 млрд. теңге бөлгені белгілі. Бүгінде соның 63 млрд. теңгесі ғана игерілген.  Ал, екінші деңгейлі банктер қатысатын арнайы бағдарлама бойынша әуелі әлеуметтік топтарға қолдау көрсетілмек. Яғни, бағдарлама шартына енгізілген өзгерістерге байланысты енді қарызын төлеуден қиналған отбасылардың да жағдайы ескерілетін болады.
 Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған маңызды құжаттың мақсаты – еліміздегі проблемалық кредиттер деңгейін барынша төмендету. Бірақ, екінші деңгейлі банктерден 2004-2009 жылдары несие алғандар ғана осы бағдарламаның қатысушысы бола алады. Әрі алған ақша ұлттық валютамен есептегенде 36 млн. теңгеден артық болмағаны абзал. Ол үшін осы бағдарламаның шарттарына сай келетін борышкерлер өздері несие алған банкке келіп, өтініш қалдырулары қажет.
 
Қарлығаш Оспанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓