Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында бұл мереке ерекше мәнге ие болып отыр. Біздің еліміз әрбір ұлт пен ұлыстың тілін, салт-дәстүрін құрметтей отырып, әрбір қазақстандықтың ерекшелігіне айналған достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетіп келеді.
Ұлтара лық бірлік пен келісімді сақтау мен нығайтуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен рөл атқарады.
Ассамблеяның ХХІХ сессиясында Елбасы мемлекеттік саясат пен ұлттың жаңа біртектілігі тұжырымдамасы іске асырылатын қағидаттарын атап өтті. Жаһандану жағдайында «жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» тезисі басты идеяға айналады. Өзара ынтымақтастық пен ауызбіршіліктің мұндай көріністері біздің бірлігіміздің түп-тамырын нығайтуға көмектеседі және жаңаша үлкен жетістіктеріміз үшін негіз болады.
Қостанай облысының 17 этномәдени бірлестіктері белсенділігінің арқасында біз үлгілі қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды іске асырып жатырмыз, волонтерлік мәдениет пен кіші Отанға деген жауапкершілікті қалыптастырып отырмыз.
Біз коронавирус пандемиясымен күрес жағдайында осындай бірлік пен келісімнің нағыз үлгісін көрсеттік. Енді пандемияға қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы біздің азаматтық жауапкершілігімізге байланысты.
Құрметті жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, табыс және отбастарыңызға амандық тілеймін!
 
А.МҰХАМБЕТОВ,
 Қостанай облысының әкімі, облыстық Ассамблея төрағасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓