Көк тудың желбірегені – рухымның асқақ беделі

1
Тәуелсіздік мерекесі Қостанай қаласында бұрын-соңды болмаған ерекше форматта өтті. Бұл күн шаһар орталығында тұлпар мінген шабандоздардың шеруімен айрықшаланып отыр. Елдегі шектеу шаралары мен қауіпсіздік жағы қатаң сақталатындықтан, тұрғындарға хабар таратылған жоқ.
4
Сағат 14.00 -де «Атриум» сауда ордасынан орталық әмбебап дүкенге дейінгі алаңмен жүріп өткен он аттылы жасөспірімдер ұлттық киім киініп алған, әрқайсысының қолында Қазақстанның бір-бір Туы. Мемлекеттік Әнұран шырқала бастағаннан орындарынан қозғалған олармен бірге көшеде жүрген қала тұрғындары бірге ілесіп, ту сыртынан ұялы телефондарының камерасына түсіріп бара жатыр. «Біз бұрын-соңды мұндай аттылы шеруді көрмеппіз. Әсіресе, еліміздің көк байрағын көтеріп алып жүрген өрімдей балғындарға қарап, рухың көтеріліп қалады екен», «Жарайсыңдар, жас шабандоздар» деген жалынды тілектер тұлпардың дүбірі өткен жерде айтылып жатты. Колонна сити-орталыққа жетіп, сол жерде азғана уақыт аялдады да, кері қарай бұрылды.
2
– Мерекелік шабандоздар шеруі «Менің туым – менің елім» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Өздеріңіз білесіздер, карантинге байланысты көптеген іс-шаралар онлайн форматта өтіп жатыр. Соған қарамастан, бүгінгі патриоттық шеруді қала орталығында ұйымдастыруды шештік. Шабандоздар Заречный ұлттық ат спорты мектебінің шәкірттері, – деді Қостанай қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысы Әсем Есжанова.
3
Айта кетейік, 16-18 желтоқсан аралығында Қостанай қаласының Абай даңғылындағы тұрғын үйлерде Қазақстан тулары ілінеді. Бұл акция да «Менің туым – менің елім» челленджі аясында өткізіліп жатыр.
 
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓