АРЫСҚА 500 МИЛЛИОН БӨЛІНДІ

Қостанай облысының бюджетінен 500 млн теңге Арыс қаласындағы қираған үйлерді қалпына келтіруге жұмсалады. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттарының кезектен тыс отырысында сөз болды. IMG_9752
IMG_9749Жиында  бюджет қаржысы қайта қаралып, бірқатар өзгерістер енгізілді. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазинаның айтуынша, 2019-2021 жылдарға жоспарланған бюджет қаржысы есебінен 135,7 млн теңге мүмкіндігі шектеулілерге арналған облыстық бейімдеу орталығының ғимаратын қайта жаңғыртуға жұмсалады. IMG_9757
IMG_9771«Юбилейный» шағын ауданында жылу құбырларын тарту жұмыстары жалғасуда.  Бұл мақсатқа 140 млн теңге қарастырылған. Қостанайдағы №2 жылу қазандығын күрделі жөндеуден өткізуге 325,5 млн теңге қаржы бөлінеді. Сондай-ақ Бейімбет Майлин, Меңдіқара, Денисов аудандарындағы бірқатар елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстарына 190,5 млн теңге қаржы бөлу көзделіп отыр. 12 елді мекенге ауыз су құбырын тарту үшін жобалық смета құжаттары әзірленеді. Қостанай ауданына қарасты Озерный, Шеминов елді мекендеріне жоғары қысымды газ құбырын өткізу жұмыстарына да қомақты қаржы бөлінбек. Өңір тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары да бірінші кезекте тұрған мәселе. Биыл тұрмысы төмен отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекке облыс бюджетінен 318 млн теңге қарастырылған.  Білім саласына да бөлінген қаржы қомақты. Мәселен, жаңа оқу жылына дейін 153,1 млн теңгеге жаңартылған мазмұндағы оқулықтар сатылып алынып, Арқалық қаласы мен Қостанай, Қарасу аудандарына жөнелтіледі.IMG_9788
         
IMG_9790Сонымен қатар, мәслихат отырысы 4 адамға «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады. Олардың ішінде белгілі ақын Жолбарыс қажы Баязид, кәсіпкер Серікбай Бисетаев,  заңгер Сергей Жалыбин, ұзақ жылдар жітіқара ауданын басқарған Ризван Мұртазиндер бар.   
 
Нұрқанат Құлабаев
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓