Елбасы медалін иеленді
2019 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдауға арналған «El Úmiti» жалпы ұлттық бастамасын ұсынған еді. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жаңа бастама шеңберінде Қазақстан үшін бірнеше бірегей жобаны іске қосқан болатын. Сол жобалардың бірі – "Елбасы медалі".
«Елбасы медалі» бағдарламасы – Елбасының қамқорлығымен іске асырылатын талантты және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу бағытындағы бірегей бағдарлама. 14-29 жас аралығындағы жастарға арналған жоба 2020 жылдың шілдесінде бастау алды. Бұл 7 бағыт бойынша: спорт, таланттар мен дағдылар, кітапоқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы бағыттарына демеу беруді көздейді. Бұларды таңдау үшін қатысушыларға үш деңгей ұсынылады: қола, күміс немесе алтын. Олар 6 айдан 18 айға дейін әр бағытты жүзеге асырады
Бұл жоба 2020 жылдың 1 маусымынан басталды, қазіргі уақытта жоба 11 мыңнан астам қатысушыны қамтиды. Қостанай облысы бойынша жобамен 480 оқушы қамтылған, жалпы облыс бойынша 14-29 жас аралығында жобаға 503 адам қатысады.
«Елбасы медалі» иегерлерінің ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға, сонымен қатар жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға толық құқықтары бар.
2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Ел Үміті» және «Қамқорлық», «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» атты бастамаларының республикалық форумы өтті. Онда балалар мен жастар «Елбасы медалі», «Мың бала» үздік белгілерімен марапатталды.
Республикалық комиссияның шешімімен Қостанай облысының 60 қатысушысы «Елбасы медалі» белгісімен марапатталады.
Солардың бірі – «Елбасы медалі» бағдарламасының белсенді қатысушысы, Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы София Синицина. Ол 14 желтоқсанда Рудный қаласында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Қамқорлық» бастамасы шеңберінде оңалту орталығының ашылу рәсімі барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қолынан өз марапатын алды.
София 6 жастан бастап жыл сайын шахмат турнирлеріне қатысатын, облыстық және қалалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Ол әдебиет пен өнерге қызығушылық танытты, Абай мерейтойына арналған республикалық мәнерлеп оқу байқауында, сонымен қатар «Алтын медаль-2018» халықаралық конкурсында 1-орынды иеленді.
Ол бірнеше рет математика және орыс тілі пәнінен қалалық олимпиадаларда жеңіске жеткен, әрқашан зияткерлік жарыстар мен конкурстарға қатысады. Жас суретшілерге арналған сындарда оның жеткен жетістіктері көп.
«Елбасы медалі» жобасы София үшін жан-жақты дамуға жасалған үлкен қадам болды, волонтерлік және еңбек практикасы саласында жаңа тәжірибе алуға көмектесті, тарихи мұраны бағалауды үйретті. Жобаның тағы 59 қатысушысы өз өңірлерінде медальдарын алатын болады. Жоба қатысушыларының алдында күміс деңгейге апаратын жол тұр.