COVID-19: +72

14 желтоқсанда Қостанай облысында 72 адамнан коронавирус табылды.коронавирусІндетке Қостанай қ. 31 адам, Рудный қ. – 16, Лисаковск қ. – 14, Әулиекөл ауданында – 4, Қамысты ауданында – 3 және  Жітіқара қ., Қарабалық, Ұзынкөл, Меңдіқара аудандарында 1 адамнан жұқтырған.
53 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 13 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 6 адам стационарға жатқызар алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 49 адамда ауру белгілері болды, 23 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 14 желтоқсан аралығында COVID-19-ды  6470 адам жұқтырып. 6201 адам емделіп шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓