Шойын құю зауытының құрылысы жалғасады – әкім
Қостанай облысында шойын құю зауытының құрылысы жалғаспақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз жиынында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді. Аты аталған жобан толық іске қосылған кезде жылына 46 мың тонна құйма шығарады. Ресейлік «КАМАЗ» жүк техникасын өндірушісімен бірлескен жоба көлік редукторлары өндіріледі.
– Бұл ретте, «КАМАЗ» компаниясымен бірлесіп көпір аралықтарын өндіру кезінде оқшаулауды (механикалық өңдеу) тереңдетуге бағытталған тағы бір жоба пысықталуда. «TEHNOPARKKZ» ЖШС-нің ресейлік «Луидор» компаниясымен қуаттылығы жылына 600 техника болатын арнайы коммерциялық техника өндірісін жолға қою жөніндегі бірлескен жоспарларын да атап өту қажет. Бұдан бөлек аймақтағы локализациялық орталық табысты жұмысын жалғастыруда. Бұл – Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін оқшаулауды ұлғайту жөніндегі алғашқы жоба. Мұнда тракторға арналған балласты жүк, көлбеу камералар, сепкіш, фаркоптар, кронштейн, саты мен оларға тұтқа, мотор асты рамалары, су және май сорғылары өндірілуде, – деді өңір әкімі брифинг барысында.
Қостанай облысында Ауыл шаруашылығы техникасына арналған 2 мыңға жуық қосалқы бөлшек өндірілген. Болашақта бизнес-инкубатор алаңында LOVOL және «Кировец» тракторларының, ESSIL комбайндарының өндірісі құрылмақ.