Рудныйда балабақша ашылды

Бүгін Рудный қаласында ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында "Жас бөбек" аталатын балабақша ашылды. Нысанның тұсаукесер рәсіміне облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы барып қатысты. eab026bd-db9c-48af-9e53-aba0957d4392
310 орынға шақталған жекеменшік балабақша мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік аясында салынған. Бұған 840, 967 млн теңге инвестиция құйылды. Бөбекжай рудныйлық бүлдіршіндер қазақ және орыс тілдерінде тәрбиеленетін болады.f9ad2e61-7930-4be3-944f-7c65dc70e513
"Әр жыл сайын облыста әлеуметтік жауапкершілікке ие бизнес өкілдері көбейіп келеді. "Елена Д" ЖШС және оның құрылтайшысы Иван Марар мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік механизмі арқасында ғимаратты қалпына келтіріп, оны сапалы материалдық-техникалық базамен қамсыздандырды", – деп атап өтті аймақ басшысы. 9d04d4e4-37be-4c74-8af7-2d724b58e910
Жаңа балабақшаның ашылуы қаладағы кезек санының 20%-ға қысқаруына себепкер болып отыр. 23117061-2174-4f5e-8e1b-9612b2dff83aАйта кетейік, таяу жылдары Қостанай қаласындағышағын аудандарда әрқайсысы 280 орындық болатын тағы бес балабақша салу және бұрынғы балабақша ғимараттарын қалыпқа келтіру жоспарда бар. Сондай-ақ Жітіқара және Науырзым аудандарында бір балабақшадан пайда болмақ.0f53b4be-b998-4cff-ad38-ca6ea75e1b66
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓