Спорт пен достықтың мерекесі
Бүгін облыс әкімі Нұралы Садуақасов Сарыкөл ауданында болды. Аймақ басшысы алдымен жаңадан ашылған "Достық" саябағын көрді. Осы жерде ол отау құрғалы отырған жас жұбайлармен кездесіп, өз тілегін білдірді.Сосын жас отау иелеріне теледидар тарту етті. Аудан және қала әкімдерін жанына ерткен облыс басшысы орталық саябақты аралап шыққан ол ауған соғысының құрбандарына арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысып,сөз сөйледі.

Өңір басшысы бұдан кейін "Бейбітшілік" саябағын, жаңадан бой көтерген "Батыр" стадионда болды.
Бүгін кешкі сағат 23.00-де Сарыкөлде 29-шы жазғы "Тың-Целина" облыстық спартакиадасының алауы жағылады. Онд аҚазақстан және Ресей эстрада жұлдыздары өнер көрсетпек.
Айбек Кәдірұлы
Сарыкөл ауданы
Суретті түсірген Айбек Жүзбай