Мамандық шеберханасы
Қостанай жоғары экономикалық колледжі – облыс орталығындағы сұранысқа ие оқу орындарының бірі. Жергілікті ғана емес, шалғай өңірлердің тілек білдірген талапкерлерін қабылдап, өмір сапарына сапалы маман етіп шығарып салатын озат ордаға айналды.
Бұл колледждің тарихы 1956 жылдың 25 мамырынан бастау алады. Ең әуелі кооперативтік техникум ретінде қызметке кіріскен. Міне, бүгіндері «жоғары экономикалық колледж» деңгейіне жетті. Аз-кем тарихына көз жүгіртсек, мекеме бастапқыда 120 оқушы қабылдапты, оның 60-ы есепшілік бөлімі, қалғандары тауартанушы мамандығы бойынша білім алған екен. Мұнымен қоса, техникум қарамағында сатушылар даярлайтын кооперативтік училище жұмыс істеген.
Қазіргі таңда білім мекемесі қанатын кеңге жайған: мамандықтың алуан түрі бар, оқушылар саны да көп. Соңғы мәліметке қарағанда, мұнда 800-ден астам студент оқып жатыр. Оның 124-і бюджет қаражаты есебінен білім алуда. Дерек үшін айтайық, негізі қаланғалы бері колледжден 20,0 мыңнан астам адам маман атанып шығыпты. Олардың қатарында елге есімі белгілі болған тұлғалар бар екенін мақтанышпен айтуға болады. Мәселен, бұл оқу ордасын, кооперативтік техникум болып тұрған кезінде, 1967 жылы Орал Мұхамеджанов бітіріп шыққан. Ол кісіні дүйім жұрт ҚР Парламенті Мәжілісіне төрағалық еткен қоғам қайраткері ретінде таниды. Сондай-ақ, техникумды 1961 жылы «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша үздік аяқтаған Кенжегүл Китебаеваның ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері екені көпке мәлім. Дәл осы мамандықты 1972 жылы үздікке бітірген Әлия Қайшарова да өз саласының биігін бағындырған. Ол – экономика ғылымының кандидаты, профессор, қазіргі кезде ҚР Президенті кеңесші қорының атқарушы директоры. Бүгінгі Науырзым ауданының әкімі Талғатбек Дайыров та техникумның 1984 жылғы түлегі. Ол «Ұйым және сауданы басқару» мамандығының иесі атанған. Оқу орны экономикалық колледж мәртебесін алғаннан кейін де білікті мамандар даярлау дәстүрін жемісті жалғастырды. Солардың ішінен колледждің 2001 жылғы түлегі Серік Тәукебаевты мысалға келтіруге болады. «Экономика, бухгалтерлік есеп және бақылау» мамандығын игерген ол бүгіндері «Банк Центр Кредит» АҚ Қостанай қаласындағы филиалының директоры лауазымында.
Колледжде пәндік білім мен эстетикалық, моральдік тәлім-тәрбиені ұштастыруға баса мән беріледі. Яғни маман қалыптастыру ісінде оқу пәндерін меңгерту ғана емес, сонымен қатар сыни ойлау, жедел де ұтқыр шешім қабылдау тәсілдеріне машықтандыру, атқаратын қызметін жан-жақты игеруге, өнеркәсіптік ортаға бейімделуіне, басқарушы міндетін сәтті орындауға үйрету – негізгі шарттар.
Білім беру сапасын арттыру, жетілдіру, заманға сай үдерістерге ілесіп отыру – үнемі қадағалауда. Биылғы оқу жылында Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының шешімі бойынша колледжге эксперименттік алаңдарға тәжірибелік бағдарламалар енгізу мүмкіндігі берілді. Енді 2018-2019 оқу жылында модульдік оқу бағдарламалары негізінде «Қаржы» (біліктілігі – қолданбалы бакалавр), «Есеп және аудит» (біліктіліктері – қолданбалы бакалавр және мем. сатып алу маманы), «Логистика» (біліктілігі – операциялық логист) мамандықтары бойынша абитуриенттер қабылданады.
Қолданбалы бакалавр дайындық бағдарламасын енгізуге негізделген эксперимент артықшылықтары мынада:
– оқу мерзімі қысқа, қаржылық шығын кем және біліктілік дәрежесі жоғары болады;
– екі диплом, орта буындағы маман, қолданбалы бакалавр, жұмыс мамандықтарының сертификаты;
– түлектердің мамандықтары бойынша жоғары деңгейдегі жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
– студенттер мен ата-аналардың оқу ақысына, оқу мерзіміне қанағаттанушылығы;
– экономикалық пәндер аясында басқа елдердің озық тәжірибесі пайдаланылады, қолданбалы бакалавр түлектердің қызметтік сатылауына көмек береді.
«Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарын 11-сыныптан кейін оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай, ал техникалық және кәсіптік білім беру базасы негізінде – 1 жыл 10 ай. Сондай-ақ, «Логистика» мамандығы бойынша негізгі орта білімнен кейін білім алу мерзімі де 2 жыл 10 ай, жалпы орта білімнен соң келген талапкерлер 1 жыл 10 ай оқиды.
Колледж еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды дайындау жүргізеді:
0518000 – «Есеп және аудит (салалар бойынша)»
Біліктілігі:
0518023 – «Бухгалтер-ревизор (аудитор)»,
0518033 – «Бухгалтер-экономист»,
0518042 – «Мемлекеттік сатып алу» маманы.
Оқу түрі: күндізгі, сырттай.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім – 1 жыл 10 ай.
0517000 – «Статистика»
Біліктілігі:
0517013 – «Статистик»
Оқу түрі: күндізгі.
Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім – 1 жыл 10 ай.
0516000 – «Қаржы (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 0516053 – «Қаржы ісі бойынша экономист»
Оқу түрі: күндізгі, сырттай.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім – 1 жыл 10 ай.
0515000 – «Менеджмент (салалар және қолдану аймағы бойынша)»
Біліктілігі: 0515013 – «Менеджер»
Оқу түрі: күндізгі, сырттай.
Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім – 1 жыл 10 ай.
0514000 – «Бағалау (салалар және қолдану аймағы бойынша)»
Біліктілігі: 0514013 – «Бағалаушы-сараптамашы»
Оқу түрі: күндізгі.
Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай.
0513000 – «Маркетинг (салалар бойынша)»
Біліктілігі: 0513053 – «Маркетолог»
Оқу түрі: күндізгі.
Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім – 1 жыл 10 ай.
0501000 – «Әлеуметтік жұмыс»
Біліктілігі:
0501013 – «Әлеуметтік жұмыс маманы»
Оқу түрі: күндізгі.
Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім – 1 жыл 10 ай.
0520000 – «Логистика»
Біліктілігі: 0520013 – «Операциялық логист»
Оқу түрі: күндізгі.
Оқыту орыс тілінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім – 1 жыл 10 ай.
0201000 – «Құқықтану»
Біліктілігі: 0201023 – «Кеңесші-заңгер»
Оқу түрі: күндізгі, сырттай.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
Негізгі орта білім – 2 жыл 10 ай
Жалпы орта білім – 1 жыл 10 ай.
Біздің колледжде білім алып шыққан түлектердің кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол, коммуникативті қабілетке ие мамандарға айналатынына сенім білдіреміз. Өйткені экспериментті білім беру бағдарламасы түлектердің қалауына сай келіп, олардың әлеуметтік ортада еңбек етуге даярлығын арттырады.
Қабылдау күндізгі оқу түрі бойынша негізгі және толық орта метеп базасында, ал сырттай оқу түрі бойынша орта метеп базасында жүргізілетінін ескерте кетейік.
Оқуға түсу үшін мынадай құжаттар керек:
— Білімі туралы құжаттар (түпнұсқа);
— Оқуға түсушілерге арналған дәрігерлік анықтама (флюрография міндетті);
— 3×4 өлшеміндегі 6 дана фотосурет;
— Сертификат (ҰБТ);
— Жеке куәлік және тууы туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
Құжат қабылдау 2018 жылдың 20 маусымынан 20 тамызына дейін жүргізіледі.
Мекенжайы:
Қостанай қаласы, әл-Фараби даңғылы, 99
Тел.: 56-81-45, 56-82-61
Электронды пошта: kekk.kst@ma3l.ru
Қосымша ақпаратты kekk.kz сайтынан қарауға болады.
Н.ІСКЕНДІРОВА,
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы.