Қостанайда «Geely» автокөлігі құрастырылады

Қостанайда «Geely» автокөлігін құрастыру басталады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның машина жасаушыларының ІІ форумында белгілі болды деп хабарлайды  ҚазАқпарат.
машинаАтап айтқанда, Қостанайда жеңіл автокөлік өндірісін бастау туралы «Агромашхолдинг» өндірістік алаңы мен   «Geely Corporation»компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.
 «Geely» компаниясы Қытайда көлік шығарушылар арасында көш бастап келеді.
Форум барысында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау отандық машинақұрылысы саласы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бесжылдығында жақсы көрсеткіштерді байқатқандығын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, келесі бесжылдықтың соңына қарай Қазақстан 200 мың көлік шығару қуатына шыға алады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓