Тазалық айлығы басталды

Санитарлық тазалау бойынша Қостанай қаласында айлық жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Ахметовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды. Кеңес басталар алдында әкім кадрлық өзгерістер туралы хабардар етті. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары болып Әнуарбек Төребекұлы Қасымов тағайындалды. Ол – Рудный қаласының тумасы, білімі жоғары. Экономика және статистика академиясын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Мемлекеттік қызмет саласында қатардағы маманнан бастап, әкім орынбасарына дейін көтерілді. 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 91 өкім бойынша, «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Айдар Тоқтарұлы Бердіқожаев тағайындалды. Көкшетау облысының тумасы, білімі жоғары. Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығымен аяқтады. Еңбек жолын Мемлекеттік қызмет саласында қатардағы маман ретінде бастаған.   
????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Көктем туысымен аумақты санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар кезек  күтеді. Сол себепті, көшелер мен саябақтарды, басқа да жалпы пайдалану орындарын ретке келтіруге көп уақыт қажет. Биыл Қостанай облысында санитарлық тазалық және көгалдандыру айлығы сәуірдің 11-нен маусымның ортасына дейін барады. Арқаның жеті айға созылатын қысында санитарлық тазалық жұмыстары облыстың барлық шалғайында қордаланып қалады. Қоқыс тастайтын белгіленбеген орындарды жою, көгалдандыру, ағаш егу, оларды күту, су айдындарының жағасын тазалау, адамдар демалатын орындарды ретке келтіру, бұзылған ғимараттарды бұзып, орнын тегістеу, қатты қалдықтар полигонын ретке келтіру жұмыстарының барлығы осы екі айда атқарылады. Жалпы, өткен жылы облыс өңірінде рұқсатсыз тасталған 514 қоқыс үйіндісінің көзі жойылды, 56 мың көшет отырғызылған, елді мекендерден тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына 180 мың тоннадан аса қоқыс шығарылған. Бұл 2018 жылы қордаланған қоқыстың жартысынан астамы ғана болатын, жыл бойы 306 мың тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды. 
Қала әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Алексей Тарасов көктемгі кезеңде қала аумағын санитарлық тазалау бойынша міндеттер тұрғанын атап өтті. Қала бюджетінен осы мақсаттарға 1,6 млн теңге бөлінді.
DSC_2926
– 2019 жылы көшелер мен жалпы пайдалану орындарын ағымдағы күтіп ұстау және санитарлық тазалау жұмыстарын мына мердігерлік ұйымдар атқарады: «Таза-Жол АТ» ЖШС, «АБЗ плюс» ЖШС, «ДК-Мақсат» ЖШС, «Капитал групп Союз» ЖШС, «Конгломерат KZ» ЖШС. Олардың әрқайсысына облыс орталығының нақты аумағы бекітілген. Санитарлық тазалаудың екі айлығын өткізу кезеңінде аталған кәсіпорындар балабақша мен мектеп аумағынан жиналған қоқыстар мен ҚТҚ шығарады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы саябағы, орталық сквердің, Жеңіс саябағы аумағына «Жаңа Өмір» ЖШС қызмет көрсетеді. «Таза-Жол АТ» ЖШС, «АБЗ плюс» ЖШС, «Вескор», «Капитал групп» ЖШС, «Конгломерат» ЖШС, «Жаңа Өмір» ЖШС жұмыстарына тұрғындардың көңілі толады. Олар БАҚ арқылы алғыстарын білдіруде, – деді А.Тарасов.
Қоқыс орындары мен логтарды санитарлық тазалау жұмыстарын осы жылы «Сотрудничество-2» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізеді. Бүгінде олар 2000 метр куб қоқыс шығарды. Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қоқыс контейнерлеріндегі және контейнерлік алаңдардың айналасында жиналған қоқыстардың жиналуына қатысты қала тұрғындарынан бірнеше рет келіп түскен шағымдарға байланысты тазалау жұмыстарына кірісті.
– Санитарлық нормаларға сәйкес, тазалық пен тәртіпті сақтай отырып, периметрі 1,5 метр қатты тұрмыстық қалдықтарды жинадық. Барлық контейнерлік алаңда «Тазалық-2030 және К» ЖШС қызметкерлері жұмыс істеді. Жергілікті полиция қызметінің қатысуымен контейнерлік алаңдарды уақтылы әкетпеу және тазаламау туралы хаттама жасалды, – деді бөлім басшысы.
Жиында «Тазалық–2012» ЖШС директоры Александр Кушнир баяндама жасады. Қазіргі уақытта аты аталған серіктестік қала бойынша 1614 контейнер орнатты.
– 439 контейнерлік алаң мемлекеттік меншікте. Жоспарлы тазалау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Қостанайда 91 кәсіпорын тазалық жұмыстарына жауап берсе де, контейнерлік алаңдардың сапасы қанағаттанарлық жағдайда. Біздің серіктестік қоқыс қалдықтарын шығаруды жүзеге асыратын жалғыз компания емес, басқа да кәсіпорындар бар. Алайда, басқалары қала әкімдігімен тиісті шарт жасаспаған. Қоқыс жинау және шығару үшін тыңғылықты жұмыс қажет. Ескірген техника жиі бұзылады, адам факторы да бар. Тек қала қызметтерімен өзара түсіністік негізінде ғана бұл жағдайды түзетуге болады, – деді А.Кушнир.
Серіктестіктің мамандандырылған автокөлігіне алдағы 2-3 ай ішінде бейнетіркегіштер орнатылады.
 
Автобус бағыты жанданады
 
Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі №42 маршруттық автобус жолаушылар тасымалдай бастайтынын хабарлады. Жаңа автобус бағыты арқылы жолаушылар қалалық зират маңындағы аялдамаға дейін бара алады.
20190406142449
– Бұл автобус әр сенбі-жексенбіде сағат таңғы 8.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Әзірге бір ғана көлік қызмет көрсетеді. Маршрут Алтынсарин көшесінен, яғни «Рабочий», «Орталық базар» аялдамаларынан басталады. Одан әрі Баймағамбетов көшесі арқылы Тәуелсіздік көшесін бойлай келіп, әл-Фараби даңғылына бұрылып, темір жол вокзалына дейін барады, – деді қала әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Аталмыш автобус Дощанов, Мәуленов, Карбышев және Уральский көшелері бойындағы аялдамалар арқылы қалалық зиратқа келіп тоқтайды. Айта кетейік, мұндай қажеттілік тұрғындары тарапынан болған ұсыныстан туындап отыр.
 
Қостанай қаласындағы көшелердің жабылуы туралы ақпарат
Құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Павлов көшесін қайта жаңарту 2019 жылдың 15 маусымына дейін жүргізіледі. Алтынсарин көшесінен Абай даңғылына дейінгі көше қиылысы да осы уақытқа дейін жабылады.59c37c67b2b48238aa60be96e83c5a3c
«Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі» ММ Келтірілген уақытша қолайсыздықтарға байланысты кешірім өтінеді.
 
Суреттер газет мұрағатынан және ғаламтордан алынды
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓