COVID-19: +74
8 желтоқсанда Қостанай облысында 74 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Індетке Қостанай қ. 32 адам, Рудный қ. –13, Жітіқара қ. – 8, Лисаков қ. – 7, Ұзынкөл ауданында – 6, Қарабалық ауданында – 4, Амангелді ауданында – 2 және Қостанай мен Науырзым аудандарында 1 адамнан шалдыққан.
54 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 15 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде, 3 адам «Қайрақ» және «Желқуар» автобекеті арқылы мемлекеттік шекарадан өткен кезде профилактикалық мақсатта, 2 адам стационарға жатқызар алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 54 адамда ауру белгілері болды, 20 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 8 желтоқсан аралығында COVID-19-ды 6030 адам жұқтырып, 4817 науқас емделіп шыққан.