Аттап бассаң – «АвтоУраган»

Жыл басынан Қостанай қаласы мен Затобол кенті аумақтарында көліктердің қозғалыс жылдамдығын бақылайтын жаңадан 8 «АвтоУраган» қондырғысы іске қосылған еді. «АвтоУраган» – көшелердегі жол қозғалысы өрескелдіктерін анықтап, ұрланған автокөлікті іздестіруді жүзеге асырып, барлық көліктерді ІІМ ақпарат базасы арқылы тексеруге арналған стационарлық құрылғы.Без названия
Енді міне, 2 тамыздан бастап Қостанай қаласында көлік қозғаласына бақылау жасайтын қосымша тағы 12 «АвтоУраган» іске қосылып, олардың ұзын саны 20-ға жетіп отыр. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Жаңа кешендер төмендегі көше-даңғылдардың бойы мен қиылыстарында орналасқан:
1. Баймағамбетов – Фролов («АвтоДом» ауданы);
            2. Баймағамбетов – Уәлиханов көшелері;
            3. Баймағамбетов – Фрунзе көшелері («Дельфин» балалар үйі ауданы);
            4. Қайырбеков – Пролетарский көшелері;
            5. Қайырбеков – Тепличный көшелері (Введен тас жолына шығатын аумақ) ;
            6. Маяковский көшесі (облыстық Аймағанбет қажы мешіті);
            7. Маяковский – Комаров көшелері (Нариман базары ауданы);
            8. Әл-Фараби даңғылы («7-ші Континент»);
            9. Гагарин көшесі (Федоров тас жолына шығатын айналма жол);
            10. Алтынсарин – Фролов көшелері (ЖК «Жаңа Қала» тұрғын үй кешені ауданы) ;
            11. В.Интернационалист (Карбышев – Арыстанбеков көшелерінің шектескен аумақ)
12. Абай даңғылы (Индустриальдық колледж).
Бұл қондырғылар тобымен келе жатқан көліктердің ішінен ереже бұзғанының жылдамдығын өлшеп, мемлекеттік номерін анықтай алады, жол ережесі бұзылған жағдайда дәлел ретінде фото-видео материалдарды шығарып береді, оны архив қорында сақтап қояды. Тіпті, қолды болған техника және барлық дәрежедегі берешегі бар көлік иелерін анықтайтын жаңашылдығымен ерекшеленген. Жол ережесін бұзу фактілерінің барлығы облыстық ІІД Процессинг орталығына жолданады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейінгі жол ережесін айрықша бақылайтын жаңа құрылғылар Қостанайдың КЖБИ ауданындағы айналма жолда («Шеш-Беш» дәмханасы), Абай-Қазақ көшелері қиылысындағы сайда, Уральский көшесінің «Әуежай» шағын ауданы аумағында, Карбышев пен Сибирский көшелерінің қиылысында, Қобыланды батыр даңғылында (Өрт депосы ауданы), Абай даңғылы мен Энергетиктер көшесі қиылысында (Дружба ауылына шығар жол), Қостанай ауданының Попович – Юбилейный көшелерінің қиылысында, Қостанай – Затобол тас жолында («Каспий» дәмханасы тұсы) орнатылған болатын.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓