Жаңа көліктермен толықты

Әулиекөл ауданына 3 жаңа реанимобиль берілді. Арнайы көлік соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен жабдықталған. Автокөлікте әйгілі «Wainer» өндірісінің тыныс алу аппараты орнатылған. Әр реанимобильде сыйымдылығы 24 литр болатын оттегі баллондары бар.130696793_769967220267273_4952363039826896430_o
"Үкіметтің жедел медициналық көмек қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жобасы аясында лизингке санитарлық автоткөлік сатып алынып отыр", – деп атап өтті облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Ирина Штейгервальд.130450647_769967170267278_5494344313621822273_o
Реанимобильдер обылс орталығынан Әулиекөл және Құсмұрын жедел жәрдем қосалқы станцияларына жеткізілді. Келер жылы бұл ауданға осындай тағы арнайы көлік берілмек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓