Лисаковта зауыт ашылады

Лисаков қаласында ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Бұл туралы орталық коммуникациялар брифингінде өткен баспасөз мәслихатында Лисаков қаласының әкімі Алмат Исмағұлов айтты.сайт
Лисаков қаласында өткен он бір айда өнеркәсіптік өндіріс саласы ілгерілеп, 50 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өсім өңдеуші өнеркәсіпте де байқалады. Қойылтылған сүт өндірісі 32%-ға өсті. Металл құрылғыларының өндірісі 31%-ға артты. Машина жасау секторында да өсім бар, 542 дестелегіш құрастырылып, егіс кешендерінің өндірісі 4 есе ұлғайды.
«Ең ірі жобаны «Бобровский Кварцит» жеке шаруа қожалығы бастады. Аталмыш серіктестік 8 млрд теңгеге жуық инвестиция салып, карбид кремний өндірісі зауытын ашады. Қуаттылығы – жылына 34 мың тонна. Мұнда барлығы 175 жұмыс орын пайда болады. Бұдан бөлек, қаладағы шағын аудандардың бірінде құны 430 млн теңгені құрайтын спорттық ойын-сауық паркінің құрылысы жүргізілуде. Коронавирус пандемиясына байланысты саябақтың пайдалануға беру мерзімі 2021 жылға ауыстырылды», – дейді Алмат Ерікұлы.
Қала әкімі тұрғын үй құрылысы мен инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстарына да тоқталды. Биыл тұрғын үй құрылысы саласында 9 254 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың осы кезеңінен салыстырғанда 3,3%-ға артық. МЖӘ тетігі шеңберінде «СпецСтальКонструкция» ЖШС-нің жеке инвесторы жатақхана ғимаратын 16 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйге реконструкциялау жобасын аяқтады.
Тұрғын үйге үлкен кезектілікті ескере отырып, 7 шағын ауданда 9 қабатты 105 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша инженерлік желілер жүргізілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Октябрь кентінде құны 663 млн теңге жылу желілерін қайта құрумен газ қазандықтарының құрылысы аяқталды. Моноқалада «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 105,7 млн теңгеге 10 жоба мақұлданған. Ал «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасына 103 млн теңге бөлінді. Лисаков тұрғындары орталықтандырылған ауыз су жүйесіне толықтай қосылмақ. Қазір 11,5 шақырым болатын магистральдық су құбырларын қайта жаңарту бойынша екі жылдық жобалар басталды. Ауқымды жұмыстарға 560 млн теңгеден астам қаржы бағытталды.
Шаһарда көше жарығын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Грант аясында Электр энергетикасын және энергиямен жабдықтауды дамыту институтымен бірлесіп, көшені жарықтандырудың 602 қыздыру шамдары энергия үнемдейтін шамдарға, 16 км – ССП кабельге ауыстырылды. Нәтижесінде қала бойынша энергия үнемдейтін шамдардың пайызы 95%-ды құрады.
 «Қазір Лисаков қаласында спортты одан әрі насихаттау мақсатында 2 алаңға арналған жабық теннис кортының құрылысы жүріп жатыр. Оны ағымдағы жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. БЖСМ ғимаратына 14 млн теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Колледж ауданында орналасқан спорт ядросын жөндеу жұмыстары басталды», – деді қала басшысы.
2020 жылғы 2 желтоқсандағы жағдай бойынша Лисаков қаласында барлығы 287 адам КВИ жұқтырды: оның 206-ы немесе 76% емделіп шықты. Балалар арасында 27 жағдай анықталып, олардың 13-і сауығып шықты.
Соңғы кездері қала тұрғындары медициналық нысандардың жұмысына сын айтып, қала әкімінің блогына хаттар жазған болатын. Кеншілер қаласындағы орталық аурухананың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңарды. «Қостанай облыстық жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясы» КМК бөлімшесіне 4 санитарлық автокөлік және демеушіліклердің көмегімен 1 реанимобиль, медициналық жабдық және 4 жаңа Hyundai маркалы автокөлік сатып алынды. Барлығы 11 ӨЖЖ аппараты, 26 оттегі концентраторы бар. Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының 3 айлық қоры жеткілікті.
Одан бөлек, жол жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмады. ЖҚЖК аясында қала мен Октябрь кентінің жолдары мен тротуарларына 1 069 млн теңге көлемінде орташа жөндеу жүргізілді. «Аула» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылы қала аумағында 11 балалар ойын алаңдары орнатылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓