Облыс әкімінің құттықтауы

Құрметті әйелдер қауымы!
Сіздерді көктем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін біздің қымбатты және сүйікті әжелерімізге, аналарымызға, әйелдерімізге, қыздарымыз бен әпкелерімізге деген құрмет, ризашылық және ыстық ықыласымызды білдіретін тамаша күн.
Біздің Қостанай облысында әйелдер әртүрлі салада жұмыс істейді және үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді, осылайша өңіріміздің дамуына айтарлықтай үлес қосады.
Сіздер экономика мен бизнесте, білім беру мен денсау лық сақтауда, мәдениет пен спортта табысқа қол жеткізе отырып, әйелдер қауымының мықтылығын дәлелдейсіздер.
Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында біздің өңірімізді және бүкіл елді дамытуға бағытталған маңызды идеялар мен әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады.
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз және іске немқұрайлы қарамауыңыз облыстың жетістіктерінің маңызды бір бөлігі екені сөзсіз.
Сонымен қатар, сіздер мейірімділіктің, сұлулық пен нәзіктіктің бейнесісіздер. Өз жылуыңызбен жақындарыңызға қамқорлық көрсетіп, отбасылық үйлесімділікті сақтай білесіздер.
Мереке қарсаңында барлық армандарыңыз орындалып, сіздерге жақсы көңіл-күй әкелсін! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!
Архимед МҰХАМБЕТОВ,
Қостанай облысының әкімі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓