COVID-19: +77
6 желтоқсанда Қостанай облысында 77 адамнан коронавирус табылды.
Сырқатқа Қостанай қ. 39 адам, Рудный қ. –21, Қостанай ауданында – 8, Лисаков қ. – 4, Қамысты ауданында – 4, Науырзым ауданында 1 адам шалдықты.
57 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 15 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде, 4 адам стационарға жатқызар алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында, 1 адам «Желқуар» автоөткізу бекеті арқылы мемлекеттік шекарадан өткен кезде тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 58 адамда ауру белгілері болды, 19 адам симптомсыз түрін жұқтырған.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 6 желтоқсан аралығында COVID-19-ды 5881 адам жұқтырып, 4399 адам емделіп шықты.