23 мың адам жұмысқа орналасты

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Қостанай облысының 23 мың тұрғыны жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы баспасөз конференциясы аясында облыс әкімі А.Мұхамбетов айтты.1536056076_4zhumyspen1
"Негізгі құжаттардың бірі Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру болып саналады, оның іс-шараларына 28 мыңнан астам адам тартылған. Олардың 23 мыңы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 3,0 мыңға жуық адам қажетті мамандықтар, сондай-ақ бизнес жүргізу негіздері бойынша оқуға жіберілді", – деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, бағдарлама қатысушыларына бизнесті жүргізуге шамамен 2,5 млрд теңге сомасында микрокредиттер берілген.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓